Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттік дәрігерлер бір келіге де жетпей туған баланы аман алып қалды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2024
  • 107

28 шілдеде Шымкенттегі №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 27-апталық бала дүниеге келді. Сәбидің туған кезде салмағы бар-жоғы 970 грамм, ал жағдайы ауыр болған, - деп хабарлайды otyrar.kz.

Дәрігерлердін айтуынша, сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

"Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестелер потология бөліміне ауыстырдық", - дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

Баланың салмағы 1 512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алады.