Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық кәсіпорынға экологияны ластағаны үшін 3 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2024
  • 221

Ақтөбеде "Восход Хром" ЖШС-ға табиғатты ластағаны үшін 2,9 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласы прокуратурасының 6 қыркүйектегі ақпаратына сүйенсек, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген.

"Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды".
Ақтөбе қаласы прокуратурасы

Нәтижесінде 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.