Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада халықаралық іздеуде жүрген 3 адам сотталды

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2024
  • 262

Халықаралық іздеуде жүрген 3 адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

2023 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін 8 қылмыскер экстрадицияланды. Олар Астанада қылмыс жасаған. Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

арқылы "мефедрон" психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.

Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Келтірілген шығын - 85 млн теңгеден астам.

Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.