Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда қол астындағылардан ақша жинаған полицей 5 жылға шартты түрде сотталды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2016
  • 1813

Қарағандыда әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Ерғабыл Жүкенов 5 жылға шартты түрде сотталды. Оған қол астындағы қызметкерлерден ақша бопсалағаны үшін осындай жаза тағайындалған. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады. Сот, полиция подполковнигін «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға шартты түрде жаза кесті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтен аластау туралы шешім шығарды. Ерғабыл Жүкенов соттан өзін ақтауды сұраған. Алайда, оның қол астындағылардан ақша жинағанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті,-делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Еске салайық, «басшы» қызметтердің бірін атқаратын полицейдің ақша бопсалауы дерегі бойынша 11 инспектор шағымданған еді. Осыған орай лауазымды полицей өткен жылдың қазан айында  қамауға алынған болатын.

 А.ҚУАШ