Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда мопедші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2024
  • 288

Жол апаты 28 тамыз күні таңғы сағат 07:15-те мегаполистің Әуезов ауданында болған. Мопедші жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төле би даңғылымен батыс бағытта кетіп бара жатқан мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Жәбірленуші жоғары жылдамдықпен келе жатқан мопедшіні автобус тұрғандықтан байқамай қалды.

Бейнежазбадан қатты соққы салдарынан қыздың бірнеше метрге ұшып кеткенін көруге болады. Қазір жәбірленуші ауруханада ем алып жатыр.

Оқиға орнынан қашып кеткен мопедші қатты қорыққаннан осындай қадамға барғанын айтады.

Жедел іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың нәтижесінде мопед жүргізушісі ұсталды. Күдікті 23 жастағы басқа өңірден келген жігіт болып шықты. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында қаланың бейнебақылау жүйелерінің ресурстары пайдаланылды”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Шумаев.