Русский Сайттың толық нұсқасы

“Qarmet” кеншілері Президент жолдауын қолдайды

Қарағандылық кеншілер Президент жолдауын қолдайды. Әсіресе 2025 жылды жұмысшылар жылы деп жариялауы шахтерларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, дейді олар. Даниель Диль - Костенко шахтасында көмір қазады. Өзі спорттық акробат, Қазақстан және Әлем чемпионы. Кеншілер әулетінен шыққан жігіт 7 жылдан бері еңбек етеді. Ол алдағы жылы шахтерлардың біліктілігін шыңдау, қайта оқыту қолға алынады деген сенімде. Бұл өз кезегінде кен орындарында техникалық қауіпсіздікті күшейтеді. 

ДАНИЕЛЬ ДИЛЬ, “QARMET” АҚ КОСТЕНКО ШАХТАСЫНЫҢ КЕНШІСІ:

Әрине қазір цифрлық технология дамығанымен ер адамға лайық қара жұмыс қашанда керек. Сондықтан жұмысшы мамандықтарына көңіл бөлінгені дұрыс . Оқу орындарында да осындай мамандықтарға оқыту керек.