Екі некесі де сәтсіз болған отандық шоумен әрі актер Жахан Отарғалиев желі парақшасында анасының видеосын жариялап, көпті ойландырып қойды. Бейнежазбада өнер иесінің анасы ұлына балалы әйелге үйленуін өтінеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен саған бәрнәрсе айтайын. Сен маған діңкілдемей, соңына дейін ыржалаңдамай тыңдап ал. Сені мен білемін, бірнеше жылдан бері қиналып жүрсің. Айтқың келмейді. Жан-жағыңдағы достарыңа, бізге білдіргің келмейді. Мен ана ретінде бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Балаң өзіңнің балаңдай боп кетеді. Бала деген еш уақытта саған салмақ салмайды. Бала деген - бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Сен осыны ойланып көр. Сен айтпағаныңмен мен бәрін сеземін, жүрегіммен сеземін. Себебі мен анамын. Сондықтан осыны ойланып көрші өзің",-дейді шоуменнің анасы.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары өнер иесінің даналығына риза болып, ананың ақылына құлақ асқан дұрыс деген пікірлерін қалдырды.