Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістаның Vistara әуе компаниясының ұшағы жедел түрде Түркияға қонуға мәжбүр болды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2024
  • 337

Үндістанның Vistara әуе компаниясының 247 жолаушысы бар ұшағы бомба қойылғаны туралы ақпаратқа байланысты Түркияның оңтүстігіндегі Эрзурум қаласына қонды. TRT телеарнасының хабарлауынша, ұшақ Мумбай-Мюнхен бағытымен ұшып бара жатқан.

«Үндістан әуе компаниясының ұшағы ұшып бара жатқан кезде бортта бомба бар екендігі жөнінде ақпарат түскен. Ұшақ шұғыл түрде Эрзурум қаласына қонды. Қазір ол қауіпсіз жерде. Әуежайдан ұшақтарды жіберу және қабылдауға уақытша тыйым салынған. Мамандар әуе кемесін тексеріп жатыр. Егер қауіп бар екені расталмаса ұшақ сапарын жалғастырады», -деп хабарлады Эрзурум губернаторы Мұстафа Чифтчи.

Сонымен қатар ұшақ экипажы мен жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілгені хабарланды. Қазіргі таңда жарылғыш заттармен жұмыс істейтін маман лайнерді тексеріп жатыр.

Бомба туралы хабар 600 жолаушыны алып ұшуға қауқарлы ұшақ Түркияның әуе кеңістігіне кіргенде түскен. Алдымен Орду қаласына қонуға рұқсат сұраған ұшақ Эрзурум қаласына қонды,- деп хабарлайды Қазақпарат.