Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдағы дауыл: миллиондаған тұрғын эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2024
  • 192

Қытайдың оңтүстігінде дүлей дауыл тұрып, Гуандун мен Хайнань провинциялары қатты зардап шекті, - деп хабарлайды 24.kz

Соның салдарынан миллиондаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Желдің екпіні сағатына 230 шақырымға жетеді. Қатты дауылдан үйлердің шатыры ұшып, қабырғалары сөгілген. Аймақтағы барлық электр желісі үзілді. Осыған байланысты мектептер жабылып, көлік қозғалысы тоқтады.

Сондай-ақ, әуе рейстері кейінге шегерілді. Сарапшылардың есептеуінше, "Яги" атты тропикалық циклон кейінгі 10 жылда болмаған.