Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің Томск облысында төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2024
  • 137

Ресейдің Томск облысында төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vtomske.ru-ға сілтеме жасап. 

Күннің суығы мен ауа райының ылғал болғанының кесірінен 3 мың гектар егін жарамсыз болып қалған.

6 қыркүйекте облыс әкімдігі су басу мен егіннің жарамсыз болып қалуына байланысты төрт ауданда төтенше жағдай режимі енгізілгенін хабарлады.

"Облыстық метеорологиялық станциялардың мәліметі бойынша, Томск облысында әртүрлі қарқындылықтағы тәуліктік жауын-шашынның аясында қауіпті құбылыс – топырақтың 10-12 сантиметр қабатында батпақтануы байқалады. Диқандар егіннен айтарлықтай шығынға ұшырайды, дәнді дақылдар тамырымен көктеп шығады, егістіктер шөгіп, сынып қалады. Осыған байланысты Томск, Асиновский, Зырян және Первомай аудандарында төтенше жағдай режимі енгізілді", - деп хабарланды үкіметте.