Русский Сайттың толық нұсқасы

Баспана бағасы жыл соңына дейін 7-10 пайызға төмендеуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2017
  • 2667

Жыл соңына дейін баспана бағасы 7-10 пайызға арзандауы мүмкін. Сарапшылар болжамы осыған саяды. Өткен айда жылжымайтын мүлік нарығында баспана бағасы 2 пайызға дейін төмендеген. Homesters.kz сараптау орталығы өз зерттеулерімен бөлісті.

Мәселен, Астанада пәтер бағасы 0,2 пайызға арзандап, шаршы метрі 332,9 мың теңгені құрады. Алматыда 1,3 пайызға түсіп, 345,5 мыңға сатылған. Шымкентте 0,7 пайызға төмендеп, 201,5 мыңды құрады. Қарағандыда 1,7 пайызға түсіп, 194,3 мың теңгеден саудаланды. Сәуір айында бағаның төмендеуі осы қарқынмен жалғасады деген болжам бар. Яғни пәтер құны 0,6-0,8 пайызға дейін арзандамақ. Сарапшылар қазір шаршы метрлер құнын бұрынғыдай доллармен емес, теңгемен есептеу белең алғанын айтады.