Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайберген ЕХРО көрмесінде басты назарда болады

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2017
  • 2653

Халықаралық ЕХРО көрмесі аясында Димаш Құдайберген басты назарда болмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі айтты. Көрме барысында үш мыңға жуық мәдени шара өтеді деп жоспарланған. Аз уақытта әлемге танылып үлгерген қазақстандық жас әншімен қатар үлкен сахнада Лара Фабиан мен ағайынды Меладзелер де ән шырқайды.

Жалпы мәдени шараларға 9 миллиард теңге бөлінген. Оның 90% қазақстандық өнерпаздарға жұмсалмақ. Ал көрменің көрігін қыздыратын бокс кеші мен Геннадий Головкинге қатысты нақты мәлімдеме жасалған жоқ.