Русский Сайттың толық нұсқасы

50 жастан асқандар қан тамырларының саулығын қалай сақтай алады?

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2024
  • 283

50 жастан кейін қан тамырларының саулығын сақтау үшін бірнеше қарапайым ұсыныстарды орындау қажет. Бұл туралы кардиолог Алина Шарина кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ең алдымен ол салауатты өмір салты, темекі шегуден және алкогольден бас тарту қан тамырларының саулығына ықпал ететініне назар аударды. Темекі шегу инфаркт пен инсульт қаупін арттырады.

Сонымен қатар тамырлардың жақсы күйі үшін тұзды аз тұтынған жөн, оның мөлшері күніне бес грамнан аспауы қажет және қаныққан майлар мен трансмайлардан аулақ болыңыз, балықтан, зәйтүн майы мен жаңғақтарға, пайдалы майларға артықшылық беріңіз.

Алина Шаринаның айтуынша, гарвард тәрелкесі қағидаты бойынша дұрыс тамақтану және тұрақты физикалық белсенділік маңызды рөл атқарады.

"Жаяу жүру, жүзу немесе велосипед тебу сияқты аэробты жаттығулармен айналысуға тырысыңыз. Кез келген жастағы ересектерге аптасына кемінде 150-300 минут орташа қарқынды аэробты физикалық белсенділікпен немесе аптасына кемінде 75-150 минут жоғары қарқынды физикалық белсенділікпен айналысу ұсынылады", - деді ол.

Кардиолог қан тамырларының саулығы үшін ұйқы режимі де өте маңызды екенін атап өтті. Сапалы ұйқы ағзаны қалпына келтіруге көмектеседі және жүрек-тамыр жүйесінің күйіне теріс әсер ететін стресс деңгейін төмендетеді. Мерзімді физикалық тексеру, диспансерлеу, холестеринді, глюкозаны және қан қысымын бақылау ауруды ерте анықтау үшін қажет.