Русский Сайттың толық нұсқасы

Біләл Ердоған: Ұлттық спорт біздің мәдени байлығымыздың, достығымыздың белгісі

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2024
  • 365

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Роман Скляр, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған сөз сөйледі

ДКО ұйымдастыру комитетінің төрағасы Роман Скляр волонтерларға алғыс білдірді. Айта кетейік, іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен 1600 волонтер келген.

Ал Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған Қазақстанның үлкен су тасқынын бастан өткергенін, бірақ бұл табиғи апатты абыроймен жеңіп, қазір дәстүрлі ойындарды ойдағыдай ұйымдастыруға көп күш жұмсағанын айтты.

«Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ретінде дәстүрлі спорт түрлерін бүкіл әлемге таратуға бағытталған жаңашыл күш-жігердің бір бөлігіміз. Бес құрлықта, 22 елде 32 мүшесі бар бұл спорт түрлері тек сайысты ғана білдірмейді. Олар сонымен қатар, біздің мәдени байлығымыздың, достығымыздың және ынтымақтастығымыздың белгісі», – деді ол.

«Астана Арена» стадионында өткен іс-шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның бұрынғы президенті Энхбаяр Намбарын, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, сондай-ақ ЮНЕСКО, АӨСШК, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, ТҮРКСОЙ, Түркі инвестициялық қоры, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Ислам спорт қауымдастығы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының басшылары, Еуропа Одағының Орталық Азиядағы арнайы өкілі және басқа да ресми тұлғалар қатысты.