Тасқын кезінде адамдардың бейқамдығы қайғылы жағдайлараға соқтырады. Ал әкімдер алдын алу шараларын күшейтуілері тиіс. Қызыл суға батып, қаза тапқандар туралы естіген Премьер-министр осылай деді.
Бас полицей Қалмұхамбет Қасымовтың айтуынша, Қарағанды облысында бүгінге дейін 5 адам суға батып кеткен. Тасқын қауіпі сейілген жоқ. Сондықтан әкім-қаралар тұрғындардың жүріп тұруына қатаң тиым салуы керек,- деді премьер.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
Бекеттер
мен бөгеттер қойып, тиымды күшейту керек. Қиын емес шаруа қой. Адамдар өз
басына қатысы жоқ секілді, үнемі бейқам жүреді. Психология солай. Қырда жағдай
қауіпті, жолға шығуға болмайды деп, көліктер мен адамдарға тиым салып, алдын алу
керек.
ІІМ
Қазақстанның кейбір өңірлеріне қызыл судан төнетін қауіптің алдын алу үшін
арнайы топтар жөнелтіп жатыр. Айрықша
алаңдаулышық тудыратын облыстардың тізімінде Қостанай және Солтүстік Қазақстан
бар. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, қар ерігелі 10 елді мекенде 40 тұрғын үй мен 46 жол
учаскесін су басқан. Оның үшеуі теміржол.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ