Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕРМЕК ҚҰРАЛБАЙ АУДАРЫСПАҚТАН КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2024
  • 147

60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысын жеңді. 

«Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.