Аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.