Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы барахолкада вейпті жасырын сатып жүргендер ұсталды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2024
  • 414

Алматыдағы "барахолкада" вейп сататын орын жойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны 42 жастағы жеке кәсіпкер ұйымдастырған. Ол заң талабын елемей, бұл кәсіпті жасырын жүргізуге шешім қабылдаған.

"Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында дүңгіршекте электронды темекінің заңсыз сатылғаны анықталды. 3 мың вейп табылды және тәркіленді. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Заттай айғақтар қылмыстық іс материалдарына қосылды", - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Еске салайық, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-баб (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) қосылды.