Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тоғызқұмалақтан өткен флешмобқа 3 мыңға жуық оқушы қатысты

Алматыда тоғызқұмалақтан өткен флешмобқа 28 мектептен 3 мыңға жуық оқушы қатысты. Оның Барлығы бір мезетте зияткерлік сайыстан сынға түсіп, ұлттық ойынды ұлықтады. Ерекше шара бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отыр. 

ЖАННА ЖЫЛҚЫШИНА, ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Флешмобқа онлайн режимде 2800 бала қатысуда. Бүгін біз мына арбатқа 28 мектептен 300 бала ойын ойнап отыр. Бұл тоғызқұмалақ деген ұлттық ойынымыздың мына балалардың ой өрісін дамытып, өзін тұлға ретінде көрсетуіне келешекте өзінің тәртібіне, тәртіпке де тәрбиелейтін ойын.