Русский Сайттың толық нұсқасы

«АЭС энергетикалық қуатты арттырып, экономиканы жандандырады», - штаб мүшесі

Халықтық штаб мүшелері Ақтау теңіз сауда портының мамандарымен кездесті. Жиынды облыстық халықтық штабтың мүшелері АЭС құрылысының маңызы мен қажеттілігіне тоқталды. Жиынға қатысушылар атом станциясы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттырады, - дейді.

МАРАТ МОЛДАҒҰЛОВ, ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ, АТОМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

Біз үшін әр адамның ой-пікірі, олардың ортаға салатын әңгімелері өте маңызды. Себебі осындай кездесулерде пікірталас кезінде ортақ бір шешімге келіп, өзіміздің тарапымыздан қандай мәселелерге көңіл аудару керек екенін біліп отыратын мезеттеріміз бар. Осы мақсаттардың барлығы бүгін орындалды ғой деп ойлаймын.