Русский Сайттың толық нұсқасы

«Электр жетіспеушілігін жою үшін АЭС салу маңызды»,-сарапшы

АЭС салу энергетикалық тәуелсіздікке жеткізеді. Бейбіт атом энергетикасының әлеуетін пайдалану ұлттық экономиканың жаңа жоғары технологиялық секторын құруға мүмкіндік береді дейді сарапшылар. Қауіпсіз әрі экологиялық таза энергияны тұрақты түрде өндіруге жол ашылады. Атом энергетикасы Қазақстан үшін негізгі энергия көзіне айналып, энергетика жүйесінің тұрақты дамуына ықпал етеді. 

НИКОЛАЙ РАДОСТОВЕЦ, ТАУ-КЕН ЖӘНЕ ТАУ-КЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КӘСІПОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Жақында Жаңатасқа барғанмын. Жарық сөніп қалды. Жұмысымыз тоқтап, біраз кедергі келтірді. Қазақстанда электр энергиясы бір минутқа да істен шықпауы керек. Осы уақытқа дейін шетелден сатып алып жүрміз. Ал бағасы жыл сайын қымбаттай бермек. Сондықтан электр энергиясының көзі өзімізде болғаны әлдеқайда жақсы.

Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін тұрақтандыру үшін батыл қадам жасаған жөн. Оралдық еңбек ардагері Табылғали Сапаров осылай дейді. Елімізде көмір мен мұнай-газ қоры мол болғанымен, өндіріс көлемі артқан сайын оның да көлемі біртіндеп азайып келеді. Сондықтан болашақты бүгіннен бағдарлап, баламалы қуат көзін іздестіруге қазірден кіріскен дұрыс. Бұл ретте атом энергетикасы арзан әрі тұрақты екенін көрсетті. Әрі дамыған елдерде бұл сала жолға қойылған. Сондықтан ең үздік әрі ең қауіпсіз технологияны пайдалану керек дейді ардагер.

ТАБЫЛҒАЛИ САПАРОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:

Тепловыделяющие элементы әр елде әртүрлі. Мысалы, Жапония салатын болса, ол ТВЭЛ Американың бағытындағы уранды пайдаланады. Ал Россия салып жатса, біздің уранмен салады. Неге? Бізде Өскемендегі уран жасайтын зауытымыз бар.