Елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады. Сондай-ақ 34 гидротехникалық құрылыс пен 14 жарым мың шақырым суару жүйесі жаңартылады. Бұл су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында бекітілген. Қазір қаржыландыру бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында суды басқару тәсілдерін қайта қарау, суару жүйелерін жаңарту және суды үнемдеу шараларын күшейтуді тапсырған болатын.
БОЛАТ БЕКНИЯЗ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту міндеті қойылды. Әр облысқа тиісті индикаторлар берілді. 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдей жол картасы бекітілді. Жол картасын іске асыру су шығынын азайтуға, қолда бар су ресурстарын ұлғайтуға, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға мүмкіндік береді.