Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңсыз активтерді қайтару тетіктері қайта қаралады

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2024
  • 338

Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Активтерді қайтару жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу бойынша жұмыс аясында оларды ерікті негізде қайтару, сондай-ақ ел экономикасына инвестиция салу жолымен қайтару тетіктері пысықталатын болады, – деді Байбазаров.

Сондай-ақ Байбазаров мемлекеттік кәсіпорындарды басқару саясаты жетілдірілетінін атап өтті.

Олар жеке сектормен бәсекелеспеуге тиіс. Заңнамалық деңгейде оларды құру мақсаттары айқындалады, жұмыс форматы регламенттеледі, – деді ведомство басшысы.