Русский Сайттың толық нұсқасы

Санкт-Петербордағы жарылыста мерт болған Максим Арышевтің денесі Алматығы жұма күні жеткізіледі

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2017
  • 2322

Санк-Петербордағы террактіден қаза тапқан Максим Арышевтің денесі Алматыға жұма күні "Эйр Астана" бортымен таңда жеткізілмек. Отандық әуе компаниясы қаза тапқан қазақстандық пен оның туыстарын тасымалдау шығындарын толықтай өз мойнына алды. Сондай-ақ Ресей билігі терактіде қаза тапқан қазақстандықтың туғандарына 1 миллион рубль көлемінде өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

Бүгін Максим тәлім алған Алматыдағы «Достар» мектебінде марқұмның суреті ілініп, гүл шоқтары қойылып жатыр. Ресейдегі достары метро алдына ескерткіш тақта қоюды жоспарлап отыр.

Ал естерін жия алмай қалған туыстары Максимнің денесін елге жеткізуге қамданып жатыр. Біздің арна тілшілері оларға телефон арқылы хабарласқан болатын. Экономикалық университеттің үшінші курсында тәлім алған жиырма жастағы студент отбасын құрып, Қазақстанға оралуды мақсат етіпті.

Александр Гросс, Максим Арышевтің жездесі:

Оқудан қайтып келе жатып, ажал айдап метроға отырған. Үнемі көңілді жүретін, ақкөңіл азамат еді. Ол Санкт-Петербордағы оқуын бітірген соң Қазақстанға оралуды жоспарлап жүр еді. Қазір Максимнің анасы мен туыстары барлығымыз құжаттарды рәсімдеп, жолға дайындалып жатырмыз.

Естеріңізге сала кетсек, үшінші сәуірде Санкт-Петербор қаласының метросында теракт болып, 14 адам көз жұмды. Ресейлік күш құрылымдарының соңғы мәліметі бойынша, лаңкестікке қатысы бар болуы мүмкін ортаазиялық 6 адам ұсталған. Петербордағы еліміздің бас консулдығының баспасөз қызметі олардың арасында Қазақстан азаматы жоқ екенін хабарлады.