Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО ағайынды екі азаматтың өлі денесі табылды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2017
  • 3420

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өскемен қаласының маңайындағы ағайынды екі азаматтың өлімін жеке бақылауына алды. Басты күдікті - Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері.

Аталған істе облыстың ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының офицері мен басқа да Өскемен қаласының тұрғындарының есімі аталады. Олардың бұл іске қатысының бар-жоғы қазір анықталып жатыр. Төтенше жағдай 30-нан 31-не қараған түні болған. Марқұмдардың денесі тек бүгін таңертең табылды. Қандықолдардың құрбаны болғандар - тіс дәрігері Сапар Ашетаев  және кәсіпкер Айбек Қанжекенов. Бақылаушы органдардың мәліметінше, өлімге әкелген жағдай өзара келіспеушіліктен басталған.

Нұрлан Бижанов, ШҚО прокурорының орынбасары:

Олар расымен құқық қорғау органы мен Жоғарғы соттың қауіпсіздік қызметінде қызмет еткен. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін олар қамауға алынды. Соталды тексерісінде белгілі болғандай, қылмыс істелген жерде түнгі уақытта облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкері болған. Сондай-ақ, бұл қылмыс басқа да азаматтарға белгілі. Істің ақ-қарасын анықтау үшін 2 бірдей тергеу тобы құрылды.

Сапар Ашетаевтың әйелі – Айжан - жолдасының көз жұмғанына сене алар емес. Өткен күнде қалған келіспеушілік соңы бұлай болар деп ойлаған жоқпыз,- дейді туыстары.

Айжан Ашетаева, С. Ашетаевтың жұбайы:

Біз мемлекеттік қызметкерлердің осындай айуандыққа барады деп ойламағанбыз. Ең қорқынышты деген ойымыз - ол адам төзгісіз жерде ұстап отыр деп жорамалдадық. Ол өзінің ойын бүкпесіз айтып, қылмыс болған жерді көрсеткен. Ондағы төгілген қанды көргенде, жұбайларымыздың бұл өмірде жоқ екеніне көзіміз жетті. Олар лайықты заң тұрғысында жазасын алады деп сенеміз. Бізге одан артық ештеңе керек емес.

Сапар Ашетаевтың соңынан 3 жасар ұлы мен 1 жасар қызы қалды. Ал Айбек Қанжекеновтың 1,5 жасар егіз балалары мен дүниеге келгеніне 20 күн ғана толған ұлы жетім қалды. Ертең  ағайынды азаматтар Өскеменде жерленбек.