Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да болған зілзаладан кейін қосымша сейсмикалық станция салу қажет - Сейсмолог

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2017
  • 2620

Шығыс Қазақстан облысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары мәлімдеді. Жер сілкінісінің орталығы Зайсаннан 20 шақырым қашықтықта болған, дүмпуді аталмыш өңірлермен қатар Үржар мен Күршім тұрғындары да сезген. Онда жер сілкінісінің күші 4-5 баллға жетіп отыр.

Александр Ломыгин,  ШҚО ТЖД басшысының орынбасары:

4-ші сәуір сағат шамамен 21:07 кезінде ШҚО-да жер дүмпуі тіркелді. Зайсанда 5-6 баллдық болып тіркелсе, Өскемен өңірінде 3-4 балл шамасында болған. Зардап шеккен тұрғындар не болмаса ғимараттар тіркелген жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері қалыпты режимде жұмыс жасауда.

Зәресі ұшқан тұрғындар жедел желіге хабарласқан. Оларды көбіне төтенше жағдай бола қалса, қайда жан сауғалаймыз деген сұрақтар мазалаған.

Толчки ощущались, друзья позвонили, родственники, все переживают. В социальных сетях видела очень много записей по этому поводу.

Я знаю, что в Алматы сейсмология, между прочим, очень хорошо развита, они предупреждают жителей, когда сильные землетрясения. Просто, может, у нас еще этого нет.


ШҚО-да Зайсан мен Семейде екі бірдей станция орналасқан. Дегенмен мамандар, әлемдегі кез келген станция жер сілкінісінің дәл қашан және қандай баллмен болатынын айтып бере алмайды, деп отыр.

Әнуар Боранбаев, "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу" АҚ ұлттық орталығының басқарма төрағасы:

Біз ШҚО-ның әкімшілігімен ТЖД құлағдар етіп, жер сілкінісінің орталығына баратын арнайы топ құрылғаны туралы ескерттік. Бұл тиісті ақпараттарды жинап, ШҚО-да қосымша сейсмикалық станция филиалын ашу қажет. Сонда тұрғындар да алаңсыз болар еді.