Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесті

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2024
  • 385

Зауыт жұмысшылары Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын зор ықыласпен тыңдағанын, әсіресе, жұмысшы мамандардың беделі арта түсетініне ерекше қуанғанын жеткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы орталық жұмысшыларымен әңгімелесу барысында өндірістегі жергілікті үлесті арттыру, білікті мамандар даярлау және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту қажет екеніне тоқталды.

− Елімізде тозығы жеткен техникалар өте көп. Кейбір мамандардың айтуынша, ол 80 пайызға дейін жеткен. Қазақстанда шығарылған техниканың есебінен барлық паркті жаңартатын уақыт келді. Қазір колледждерде жұмысшы мамандықтар бойынша білім алған жастардың өндіріске келгені қуантады, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде зауыт еңбеккерлері машина жасаушылардың атынан Президентке жұмысшы мамандарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.