Русский Сайттың толық нұсқасы

6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға атыраулық жастар белсенді атсалыспақ

6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу бойынша референдумға Атырау облысы жастары белсенді атсалыспақ. Орталық референдум Комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Жылыой ауданына барып, сайлау учаскелерін аралап, жастармен кездесті.

Жылыой ауданындағы №100, 95, 238, 237 сайлау учаскелері орналасқан ғимараттар су тасқынынан зардап шеккен. Орталық референдум Комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров маңызды шараға дайындық барысымен танысты.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін 17 учаскенің 14-і нақты учаскелер, 3 учаске зардап шеккен екен. Үшеуінің екеуі жөндеуден өтіп, толық өз жұмысын атқаруға дайын, бір учаскеде күрделі жөндеу жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін созылады екен. Сол себепті аумақтық сайлау комиссиясы ол учаскені басқа жерге ауыстыруға шешім қабылдапты.

Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров мұнан соң аудан жастарымен кездесіп, референдумның маңыздылығына тоқталды.

ДИАНА ІЗБАСАР, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жалпы қандай электронды түрде ма, қағаз жүзінде ма осы жөнінде үлкен пікірталас болған болатын. Енді біздер қағаз күйінде тапсырып өткізетін боламыз. Бұл арқылы жалпы қанша адамның қанша адамның қарсы, қарсы еместігі осы референдумда шешілетін болады. Жалпы бүгінгі жиын бойынша біз білмегенімізді білдік, алдағы Референдумға дайын болып баратындай материал алдық және сайлауға міндетті түрде қатысатын боламыз.

Жиында жалпыұлттық референдумға қатысты өзге де сұрақтарға жауаптар берілді.