Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдықтарға көліктің суретін 23 млн теңгеге сатып алдаған күдікті ұсталды

Оралдықтарды тақырға отырғызып, 23 млн теңге олжалаған азамат ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция дерегінше, күдікті қала тұрғындарын онлайн аукционнан автокөлік сатып алып беремін деп сендірген. Бұл үшін көліктің ақшасын алдын-ала қалтаға басыпты. Тіпті өзі жұмыс істейтін мекеменің техникасын да осылай саудалаған. Арзан техника іздеген тұрғындардың бірі 7,4 млн теңге, енді бір азамат 4,5 млн теңгесін санап берген. Қазір күдіктінің 7 адамды алдағаны анықталып, қылмыстық іс қозғалды.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Облыс тұрғындары күдіктінің кесірінен 23 миллион теңге шығын шекті. Ұсталған адам барлық ақшаны құмар ойынға жұмсаған. Полиция департаменті облыс тұрғындарына күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және адамдарға үлкен көлемде ақша бермеуді ескертеді.