Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қазақ ПЕН-клубының алдында тұрғын мәселелер талқыланды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2017
  • 4505

"Қазақ ПЕН-клубының" президенті отандық жазушыларды қолдайтын жобаны қайта жалғастырмақ. Қазақ ПЕН-клубын осыдан 25 жыл бұрын халық жазушылары Әбдіжәміл Нұрпейісов пен Олжас Сүлейменов құрған. Оны басқаруға екі жыл бұрын Бигелді Ғабдуллин сайланған еді. Бүгін клубтың жарғысы бойынша есеп беру жиыны өтті. Ұйым ақын-жазушылырдың шығармаларын шет тілдерге аударып, дүниежүзіне насихаттау миссиясын атқарады.

Одан бөлек демеушілер есебінен қазақстандық интеллигенцияға қаржылық көмектер көрсетеді. Жыл сайын үздік шығарма иелеріне арнайы әдеби сыйақылар тағайындауды әдетке айналдырған. Өткен жылы Әбіш Кекілбаева, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Әуезов, Герольд Белгер және Смағұл Елубайдың шығармалары ПЕН-клубтың көмегімен ағылшын тілінде жарық көрген. Бұл туындылар өткен жылы Халықаралық ПЕН-клубтың Испанияда өткен  арнайы кітап жәрмеңкесінде Еуропаға таныстырылды.

Айта кетейік, Халықаралық ПЕН-клубты 1921 жылы Лондонда ағылшын жазушылары құрған. Мақсаты - дүниежүзі жазушыларын бір-бірімен таныстырып, байланыста ұстау. Қазақстандық ұйым да әлемдегі 101 мемлекеттің бірі ретінде осы клубқа мүше.

Нұртөре Жүсіп, публицист, қазақ ПЕН- клубының вице-президенті:

Клубтың жұмысын әлі де ширата түсу үшін ұсыныстар жасадым. Өйткені көп жағдайда мына шағармашылық лабораторияларға үңілу, мына жазушылардың қоғамда жедел үн қататын жағдайларға байланысты ортақ кеңестің де болғаны абзал. Балалар әдебиетіне көңіл бөлінбей отыр. Ақсақалдар осы шаруаға жасы келген соң көп араласа бермейді. Осы туралы да көптеген ұсыныстар жасалды.