Русский Сайттың толық нұсқасы

Университеттердің нақты сектормен байланысы нығая түсуде

Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға баса тоқталған еді. Бұл орайда Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде нақты жұмыстар жүріп жатыр. Мұнай және газ саласы мамандарын дайындайтын жоғары оқу орны елімізде алғаш болып, дуальды бағдарламаға көшкен еді. Бұл дегенің – өндіріспен тығыз байланыс. Мұндағы екінші курс студенті білімін кәсіпорындағы тәжірибемен ұштастырады. Білім алу уақытының 60 пайызын өндірісте өткізеді. Еңбек кітапшасын ашып, еңбек өтілін бастап кетеді. Университет ректорының айтуынша, бұған аймақтағы 100-ден астам өндірістік компаниямен тығыз байланыстың арқасында қол жеткізген. Бұдан бөлек университетте академиялық бағдарламаларға байланысты индустриалдық комитет құрылған. Мақсат – президент айтқан, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау. 

ГҮЛЗАДА ШАКУЛИКОВА, С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Индустриалдық комитет деген өндірістің өкілдері, бірінші басшылары, бас инженерлері біздің академиялық бағдарламаларымызды қарап, ол жерге қандай пәндерді нығайту керек, қандай пәндер өзінің актуалдығын жоғалтты соны қарап отырады. Бұл моделге ең бірінші қойып отырған мақсат- әртүрлі зуаыттар Атырауда салынатынн білесіздер, сол зауыттарға алдын ала кадрлар даярлау.