Жетісу облысында қатерлі ісік дертіне шалдыққандардың құқығы тапталған. Мұны облыс прокурор-лары әшкереледі. Медициналық ұйымдардың 3-4-ші онкологиялық диспанцерлік есепте тұрған 18 тұрғын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмеген. Соның кесірінен науқастар мүгедектіктігін рәсімдеу және кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылыпты.
ЯЛКУН ИСМАИЛ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ:
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес барлық бұзушылықтар жойылған. Барлық адамдар медициналық әлеуметтік сараптамаға жіберілген. Олардың екеуі әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы мүгедектік мәртебесін алды. Азаматтардың әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығын бұзғаны үшін 3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды.