Бүгін аударыспақтан жарыс өз мәресіне жетті. Ұлттық құрама спортшылары алты салмақ бойынша бес алтын, бір күміске ие болды. Басқа спорт түрлерінен де саңлақтарымыздың жетістігі көңіл қуантады. Дәстүрлі садақ атудан 1 алтын мен қола, Жамбы атудан бір, қазақ күресінен 2 алтын еншіледік. Мас-рестлингтен 1, кураштан 3 қола қанжығамызда. Бүгін кешкі 7-дегі ақпарат бойынша, жалпы есепте 18 алтын, 5 күміс және 12 қоламен көш бастап тұрмыз. Айыр қалпақты ағайын 23 медальмен екінші орынға тұрақтады. Ал Ресей 16 медальмен үздік үштікке кірді.