Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жылу құбырының жарылуы салдарынан көшені ыстық су басты

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 150

Қарағанды қаласындағы көшелердің бірінде жолды ыстық су басып қалған видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. «Оқжетпес-Т» ЖШС компаниясы бұл оқиғаның жылу желілерін сынау кезінде болғанын айтты. Компания бұған дейін алдын ала ескерту жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

10 қыркүйек күні «Окжетпес-Т» ЖЩС жылу желілерін температуралық сынақтан өткізді. Бұл сынақ Қарағанды облысындағы жылыту маусымына дайындық кезінде жүргізілді. Алайда, жөндеуден өтпеген ескі жылу магистралінде, Бәйсейітова көшесі мен Құрылысшылар даңғылының қиылысында, диаметрі 600 мм ауалы компенсатор жарылды.

Оқиға болған жерде «Окжетпес-Т» қызметкерлері ақауды жою жұмыстарын жүргізді.Қалалық әкімдік қосымша хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ, ал жолдың учаскесі уақытша жабылған.