Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ көкпаршылары Ресейді жеңіп, финалға өтті

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 191

«Қазанат» ипподромында Қазақстан мен Ресей көкпаршылары жартылай финалда өнер көрсетіп, қазақстандық шабандоздар ақтық додаға өтті.

Қазақстан құрамасы бұл ойында, 18 салым салса, ресейлік көкпаршылар серкені шеңберге небәрі 2 рет қана дүп тастай алды.

Сонымен қорытынды есеп — 18:2.

Қазақстандық көкпаршылары ертең Қырғызстан көкпар командасымен алтын жүлде үшін таласқа түсетін болады.

Еске салайық, кеше қазақстандық шабандоздар америкалық көкпаршыларды 12:4 есебімен ұтса, іріктеу кезеңінде Өзбекстан құрама командасын 16:0 есебімен айқын жеңген еді.