Биыл
көктемгі дала жұмыстары мен астық жинау науқанына республикалық бюджеттен 60 миллиард теңге
бөлінді. Алайда, диқандар қомақты қаражатқа қол жеткізу қиын деп отыр. Өйткені
өңірдегі шаруалардың кепілге қоятын мүлкі жоқ. Ал, жаңа бағдарламаның
шартына сәйкес - несие
алушының міндетті түрде кепілзаты
болуы тиіс. Тың ереженің түйінін тілшіміз
Заңғар Санай тарқатуға тырысты.
Қостанайлық диқандар көктемгі дән сіңіру жұмыстарына
бөлінген қаржыға әлі қол жеткізе алмай отыр. Бұған дейін ауыл шаруашылық тауар
өндірушілер несиені әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі арқылы
кедергісіз алып келген. Аман Аянов былтыр көктемде 20 миллион теңге көлемінде
үкіметтен ақша алып, белгіленген мерзімде қарызын қайтарыпты. Енді министрліктің жаңа бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктерге жүгініп,
кепілге дүние-мүлкін қоюы керек.
Аман
Аянов, диқан:
Мысалы,
өзімнің Астанадағы және осы қаладағы үйімді 3 жыл бұрын кепілдікке бердім. Ол
2021 жылы ғана босайды. Енді қоятын кепілдігім жоқ, мысалы.
Жерімді, техникамды алмайды.
Мұндай
қиындық өзге өңірлердегі диқандарды да тығырыққа тіреді. Тіпті кооператив құрған шаруалардың өзі үкімет бөлген ақшадан
үміт үзген сыңайлы. Айналымда ақшасы жоқ теріскейдегі қожалықтар соқаны
жаңғыртпақ түгілі, алқап басына шыға алмайтын шығармыз деп отыр.
Раиль
Мендеев, серіктестік басшысы:
Бізге
әуелі кепілсіз несие беріледі деп айтты.
Кейін кепілзат керек деген соң, дүние-мүлкімізді, техникамызды түгел қойдық.
Бірақ әлі күнге дейін заемды ала алмай жүрміз.
Ауыл
шаруашылығы министрлігі биылдан бастап «Форвардтық астық сатып алу»
бағдарламасын тоқтатты. Себебі фермерлер
үкіметке қыруар қаржатты қайтара алмай отыр. Ал, «Аграрлық несие корпорациясы»
арқылы жүзеге асатын жаңа несиелеу жүйесі ақшаның дер кезінде қайтарылуын және
төмен пайыздық мөлшерлемені көздейді. Енді шаруалар екінші деңгейлі банктер
мен қаржы ұйымдары арқылы 3-6 пайыздық несие ала алады.
Азамат
Хамиев, ҚР АШМ инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті
директорының орынбасары:
1,9
миллиардқа жақын ақша - былтырғыдан бері қайтарылмаған ақша. Ол бірінші себебі.
Енді екінші себебі осы мәселе оларға не свойственно және убыточный бизнес, былай
айтсақ. Яғни жыл сайын осы кепілге түскенде социальная корпорация минусқа
түседі. Сондықтан осындай шешім қабылданған болатын.
Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы келтірген мәліметке сай, Қостанай облысында 200-дей қожалық
көктемгі егіс науқанына қажетті несиені ала алмай отыр. Жаңа бағдарлама
негізінде оларға «ҚазАгроГарант» акционерлік қоғамы қол ұшын беруі тиіс. Бұл
ұйым несие кепілдігінің 85 пайызын өз
мойнына алуы керек. Тек акционерлік қоғамның филиалдары аймақтарда ашылмаған.
Несие мәселесі оңтүстік өңірлерде де өзекті болып тұр. Шалғайдағы шаруаларға
туыстарының мүлкін кепілге қоюды ұсынып жатқан көрінеді.
Жасұлан
Серіков, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені бөлімінің
басшысы:
85
пайыз кепілдік көрсететін КазАгроГарант акционерлік қоғамы шарт бойынша барлық
облыста ашылу керек. Егер де барлық облыста ашылған уақытта, онын
ішінде Қызылорда облысында КазАгроГаранттын филиалы ашылса, оған ауыл
шаруашылық саласындағы өзінің кепілдікке
қоятын мүлкі жоқ кәсіпкерлер барып, осыған өзінің кепілсіз несие алуға
мүмкіншілік алады. Бірақ, өкінішке орай, бүгінгі күні бұл жағдай жоқ.
Заңғар Санай, тілші:
Кепілдікке
қоятын мүлкі жоқ диқандар форвардтық жүйені тым болмаса тағы бір жылға
созуды сұрап отыр. Үкімет әзірге шешім қабылдаған жоқ. Он күненн кейін дән
сіңіру жұмыстарына кірісетін оңтүстіктегі шаруалар оң шешім қабылданар деп
үміттенеді. Ал солтүстік аймақтарда егіс
науқаны мамырдың бел ортасында басталады.