Ақтөбеде газель көлігі жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан анасы мен баласын қағып кетті. Алған жарақатынан үш жасар қыз тілге келмей қаза тапты. Анасы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы ауыр дейді. Науқас есін жинаған, бірақ оған әлі бірнеше операция жасалмақ.
МАҚСАТ БЕКТЕМІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ ДӘРІГЕРІ:
Жарақаттары көп. Аралас жарақат. Жабық бас-ми жарақаты, екі жақ қабырғалары сынған. Оң жақ жамбасы сынған. Қазіргі таңда ауыр жағдайдағы травматикалық шокпен күресіп жатыр.
Полицияның мәліметінше, «Газель» автокөлігін 18 жастағы бозбала тізгіндеген. Ол қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.