Ақтөбеде жиырма шақты "тұрғын үй салып беремін" дегендерге алданып қалды. Олар үйлерінің салуды арнайы фирмаға тапсырып, бар жиған-терген ақшасын берген. Енді не үй жоқ. Не ақша қайтарылмаған. Жалпы шығын көлемі бүгінде 120 млн теңгеден асып жығылады.
Бұл жиналғандардың мұңы бір. Жарнамасы жер жарған фирмаға жеке үйлерінің құрылысын сеніп тапсырған. Заң жүзінде келісім шарт жасап, қажетті қаражаттың жартысын төлеген. Кейін проблемалар басталыпты.
СЕРІК НҰРЫМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Келісім шарт бойынша белгіленген бөліктер болды. Маған олар қадалы тірегі бар іргетас құйып беруі қажет еді. Бірақ құрылыс барысында мұны олар сапасыз жасай бастады. Тіпті Ұлттық сараптама құрылыстың іргетасының сапаға сай еместігін дәлелдеп берді.
ТАЛҒАТ МУСТЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен 2022 жылы «Строй с нами» фирмасына жолығып пенсионный фондтан 7 млн 100 мың аудардым. Сосын 13 млн 900 мың теңге наличка бердім жиналып, үй салып беремін дегенмен үйді де салған жоқ. Алдап кетті. Төрт рет іс қозғалды. Жауып тастайды. Соңғы рет генеральный прокуратураға жаздық. Ол жақтан іс қозғалсын деп келді.
Басталған құрылыс сол бітпеген күйі қалған. Бірінің тек іргетасы қаланса, кейбірінде үйлердің қабырғасы ғана қоқиып тұр. Екі жарым жылдан бері 17 тұрғын ақшаларын да қайтара алмай отыр. Оларға берешектің жалпы көлемі 120 млн теңгеден асады.Тұрғындар полицияға шағымданған.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Азаматтардың шағымы бойынша құрылыс компанияға қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Себебі, бұл жерде қылмыстың құрамы болмаған. Жәбірленушілерге азаматтық сотқа ұсыныс берілді. Олар жаңағы келтірілген шығынды сот арқылы арыз жазып алуға мүмкіндігі бар.
Ал құрылыс компаниясының басшысы мұның себептері бар дейді. Жұрттың ақшасын қайтарып беретінін айтты.
ӘНУАР ҚҰШПАНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Менде счет жабылып тұр. Сосын деньги заморозились еще 2022 году. Почти 80-90 млн теңге Альфа банкте заморозились. Сосын зауыттарға бережақ болып соған төлеп пока. Көп адамның 200 дей адамның ақшаларын төлеп тастадым мен. Қалған адамдарға бұйырса жәйлап беремін.
Тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ. Болмаса, құрылыс компаниясын сотқа бермек.