Қазақстанда
жұмыспен қамтылған халықтың саны 922 мыңға артып, 8,5 миллион адамға жетті. Бұл
туралы «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде өткен жиын барысында белгілі
болды. «Жұмыспен қамту мен әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау» бағыты
бойынша құрылған комиссия еңбек нарығындағы жағдайды саралады. Экономикалық
белсенді халық саны 770 мыңға көбейген. Өз ісін бастаған азаматтар шамамен 447
мыңға артыпты. Жұмыссыздық деңгейі жыл сайын төмендегеніне қарамастан, Ақтөбе,
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы кәсіпорындарда қысқарту
болған.
Айгүл
Нұркина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының
мүшесі:
Жұмыспен
қамту көрсеткіштері жақсарғанына қарамастан, әйелдер мен жастар арасындағы
жұмыссыздық мәселелері әлі де бар. Оларды шешу үшін кәсіпкерлікті дамыту керек.
Әу баста жұмыспен қамту бағдарламасы осы кәсіпкерлікке негізделген болатын.