Астанада өтіп жатқан 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында елордалық белсенді жастар ел спортшыларына жанкүйер болып жүр, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазанат» ипподромы мен Этноауылдардағы әсер ерекше. Қолдарында көк туымызды ұстап, «Қазақстан» деп ұрандатқан жанкүйерлер спортшыларымызға рух беріп қана қоймай, нақышына келтіріп, әнді де орындап, шетелдік қонақтарды тәнті еткен.
Садақ тарту, жамбы ату ойындарын тамашалаған шетелдік туристер қазақ халқының қонақжайлығына да дән риза.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, қызық әлі алда. Себебі көкпар ойындарының финалдық кездесулерін жанкүйер асыға күтіп отыр. Бұл спорт түріне қызығушылық танытып отырған шетелдіктер де аз емес екенін айтады.