Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ер адам қызды аялдамада тонап кеткен

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 201

Аялдамада қызды тонап кеткен астаналық жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астаналық қыз аялдамада автобус күтіп тұрған кезде велосипедпен келе жатқан жігіт кенет оның қолынан iPhone телефонын жұлып алып, жасырынған.

Тосыннан болған оқиғадан кейін қыз орнында тұрып қалған, содан кейін полицияның көмегіне жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жас жігітті анықтады.

Ол іс-әрекетінің салдарынан қорқып, ұрланған телефонды сындырған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтардан қырағы болуды сұрайды. Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәгері немесе құрбаны болсаңыз дереу "102" арнасына хабарласыңыз.