Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелес шығарды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2024
  • 99

Елордада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелес шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлер түсірген видео Instagram желісіндегі Astana brothers парақшасында жарияланды. Кадрларда екі ер адамның жол үшін төбелес шығарғанын байқауға болады. Ал жолдан өтіп бара жатқан көліктер оларға сигнал берген. Видеоға қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Тұран даңғылында Mitsubishi Pajero мен Toyota Camry көлігінің жүргізушілері жол бөлісе алмай төбелес шығарған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қос жүргізуші де әкімшілік жауапқа. Материал сотқа жолданды", - деп хабарлады елорданың полиция департаменті.