Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстауда тамақтан уланған 43 оқушы ауруханадан шықты

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2024
  • 209

Көпфункционалды облыстық балалар ауруханасында инфекциядан зардап шеккен 43 бала жазылып кетуіне байланысты емін аяқтап, ауруханадан шығарылды. Олардың бәрі амбулаториялық бақылауға алынған және барлығының жағдайы жақсы. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Стационарда 53 бала емін жалғастыруда, олардың жағдайы да тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ауру шыққан кезден бастап (2024 жылғы 6 қыркүйектен бері) өңірдің медициналық мекемелерінетМаңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «№ 8 жалпы білім беру мектебі» МКК -ның қызуы көтерілген, іші өткен, лоқсып, әлсіздік байқалған 466 оқушысы қаралған. Соның ішінде 96 бала қажетті медициналық көмекті алу үшін ауруханаға жатқызылды.

Науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар сол жерде науқастарды емдеуге көмек көрсету бойынша Астана медициналық университетінің инфекционистері мен гастроэнтерологтары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медицина Ұлттық үйлестіру орталығының мамандары жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске салайық, оқушылардың жаппай астан улану дерегі Мунайлы ауданында тіркелді. 6 қыркүйек күні кештен бастап №8 мектептің 21 оқушысы жедел жәрдем шақырған. Балалардың бәрінің іші ауырып, дене қызуы көтерілген.