Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып жатқан қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы әлеуметтік салаға көзделіп отырған қаржы көлемін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстарға 6 трлн теңге сомасында қаржы қарастырылған», - деді ол.
Екінші басымдыққа ие білім беру саласына 2025 жылы 1 трлн. теңгені бөлінбек екен.
«Шығыстардың көбеюіне қатысты екі негізгі себепті атап көрсетуге болады. Соның бірі - жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 15-20% өседі. Осылайша, бакалавриат студенттері үшін шәкіртақының орташа мөлшері 52 372 теңге, магистратура үшін - 117 098 теңге болады», - деп хабарлады ол.