Русский Сайттың толық нұсқасы

Альпі тауының ең биік шыңында төрт туристің мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2024
  • 231

Альпі тауының ең биік шыңынан төрт шетелдік туристің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Independent порталы мәліметінше, төрт турист, олардың екеуі - Италия азаматы және екеуі – Оңтүстік Кореядан. Олар сенбіде түстен кейін құтқарушыларды шақырып, ауа райының нашарлауына байланысты тауда қалып қойғанын хабарлаған. Құтқарушылар альпинистерге жетуге тырысқан, бірақ ауа райы қолайсыз болған. Құтқарушылар өрмелеп те, тікұшақпен де көмек сұрағандарға жете алмаған.

Ауа райы қалыпқа келіп, құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болғанда топ із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге шықты. Төрт турист те 4700 метр биіктіктегі Монблан шыңы маңынан табылды. Олар қаза болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар үсіп қалған.

Франция билігі қайғылы оқиғаға қатысты тергеуді бастады.