Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда есірткі саудасы тыйылар емес

Оралда есірткі саудасы тыйылар емес. Жыл басынан бері қылмыстың осы түріне қатысты 212 заңбұзушылық тіркелген. Жедел іздестіру кезінде тәртіп сақшылары есірткі сатушыларды анықтады. Олардың екеуі де ұсталып, қамауға алынған. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар интернет дүкен ашып, есірткіні емін-еркін саудалағандар анықталды. 

РОМАН ДҮЙСЕҒАЛИЕВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰҚҚКБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл басынан бері есірткі саудасымен айналысқан 15 есірткі жасырушы ұсталды. Олардың төртеуі кәмелет жасына толмаған азаматтар. Соңғы 10 күнде тағы 5 күдікті ұсталды. Олар «Telegram» мессенджері арқылы синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан.