Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе тұрғыны облыстық балалар ауруханасын сотқа берді

Ақтөбеде 4 жасар сәби дәрігерлердің кесірінен мүгедек боп қалды. Ата-анасы осылай дейді. Отбасы аурухананы сотқа берген. Жеңіп шығыпты. Бірақ, дәрігерлер мұнымен келіспейді. Мәселенің мән-жайын өңірден Бақыт Қазанғапқызы жеткізеді. 

Төрт жасар Балым беліне дейін күйіп қалған. Ол дереу жедел жәрдем көлігімен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізіледі. Алайда анасының айтуынша, бір айға жуық уақыт онда жатса да тиісті ем алмаған.

ГҮЛДЕРАЙ ҒАДИЛШИНА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Күнде ешқандай обезболевающийсіз бізге местный, анальгин ештеңе бермей бізге перевязка жасап отырды. Жиырма күннен кейін бала температура бере бастады. Операция неге жасамай отырсыңдар десем бізде Дерматон аппараты жоқ деді.

Бүлдіршінге дереу операция жасалуы тиіс болған. Бірақ оны да істемеген соң Ресейге апардық дейді ата-ана. Алайда, тым кеш қалған көрінеді. Балымға жеті жасқа дейінгі мүгедектік берілген. Егер облыстық балалар ауруханасында дер кезінде ота мұндай болмас еді дейді олар. Сондықтан емдеу мекемесін сотқа берген.

ГҮЛДЕРАЙ ҒАДИЛШИНА, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:

Башайларының бәрі көтеріліп, бәрі жұлынып кетті. Сүйектің барлығын жұлып алады былай тартып тұрғанда. Онда равновесие жоқ. Қазіргі таңда балам жүрмейді. Өйткені ол жақында отадан шықты. Қалпына келтіру мақсатында гипс бар. Бір аяғында тутор артоз дейді сол бар.

Бірінші сатыдағы сот облыстық балалар ауруханасын кінәлі деп танып, отбасына 10 миллион теңге моральдық шығын өңдіруге шешім шығарған.

АЙЖАМАЛ СҮНДЕТ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Ақтөбе облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін анасының қалалық мемлекеттік аурухананың біріне моральдық зиянды өндіру туралы арызы қаралды. Сапасыз қызметтердің салдарынан баланың басынан өткен физикалық және рухани азаптарын ескере отырып, сот жауапкерден моральдық зиянды өтеу үшін 10 млн теңге және 1 млннан астам материалдық залал өндірді. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ал дәрігерлер бұл сот шешімімен келіспейді. Олар апелляцияға жүгінген. Бұл іс бойынша енді эксперттік комиссия тағайындалды.