Русский Сайттың толық нұсқасы

Көшпенділер ойыны ұлттық құндылықтарды дәріптейді

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны ұлттық құндылықтарды дәріптейді. Бірлікті бекемдеп, елдер арасындағы достық байланысты арттырады. Бұл -жай ғана спорт бәсекесі емес. Мемлекеттердің тарихынан сыр шертетін, салт-дәстүрін дәріптейтін жоба. Сонымен, байқаудың бесінші күнінде кім қандай киім үлгісімен келді? Тілші материалында. 

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Расымен, бұл ұлттық құндылықтар дәріптелген тамаша жиын болды. Дәл қазір қазақ жастары көк туымызды желбіретіп, алаңды айналып өтуде.
Көшпенділер ойынын тамашалаған әр адамның көзі қазақ спортшыларының киім үлгісіне түскені анық. Жинақы, әдемі, ерекше... Тіпті, шетел қонақтарын таңдай қақтырды.

Алаңға келсеңіз тек спортшылардың киімі көзге түспейді. Еріктілердің де стилі назар аудартатыны анық. Күлімдеп, «қош келдіңіз» дейтін қыздарға әдемі тақия жараса кеткен.

АЯУЛЫМ СМАКАНОВА, ЕРІКТІ:
Киім үлгіміз 6 бөлімнен тұрады. Шалбарымыз арнайы, кофтасы, футболкасы бар арнайы. Сосын шапал, желет. Яғни, бүкіл ауа райына арналған. Ең бастысы біздің осындай әдемі тақиямыз бар. Бұл киім көшпенді стилінде жасалған.
Қатысушыларды былай қойғанда, көрермендердің өзі жарысқа ерекше дайындалып келіпті.

АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Түркиядан келген көрермендермен әңгімелесіп отырмыз. Олар да өздерінің салт-дәстүрін насихаттау үшін ұлттық бас киімдерін киіп келген екен. Бұл баскиім біздің қазақтың бөркіне ұқсайды.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Көшпенділер ойыны расымен нағыз бірліктің қандай болатынын дәлелдеді десек артық кетпейміз. Дәл қазір менің артымда қазақ-қырғыз бауырлары бірге жанкүйер болып тұр. Әңгімеге тартып көрейік.
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Дәл қазір алаңда садақ атудан байқау өтіп жатыр. Бірақ бұл жерде менің назарымды аударған бірнарсе бар. Ол әр ұлттың киім үлгісі. Яғни спортшыларымыз өздерінің құндылықтарын, менталитеттеріне сай түрлі-түсті киімдерін киіп келген. Әсіресе оның ішінде қазақ жастарының киімі оқ ойы озып тұр.
ИТАЛИЯ СПОРТШЫСЫ:
Біз тарихты және салт-дәстүрді құрметтейміз. Сол үшін Қазақстанда өтіп жатқан байқауға осылай киініп келуді жөн көрдік. Бізге бәріп ұнап жатыр. Қазақстан жасасын! Адамдары тамаша!
Дәл осындай жиындарда әр ұлттың өзіне тән, ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі байқалады. Әр киім тарихтан хабар береді. Спортшылар мен қонақтардың сымбатын келтіріп, сырын ақтарады.