Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 10 балдық кептеліс: тұрғындар межелі жеріне жаяу жетті

Алматылықтардың күніне кем дегенде 4 сағаты жолға кетеді. Ал бүгін тіпті Талғар-Алматы тасжолындағы ұзын-сонар кептелістен жұрт көліктен, автобустан түсіп, межелі жерлеріне жаяу жетуге мәжбүр болды. Кептеліс шкаласы 10 балды көрсетіпті. Жолға бірнеше сағатын сарп етуге елдің еті үйренсе де, жергілікті биліктің бұл мәселені шешкенін қалайды. Толығырақ әріптесім Айдана Шалқар жеткізеді. 

Аймақ тұрғындары күн сайын «Талғар», «Құлжа» тасжолдары арқылы Алматыға қатынайды. Жолаушылар соңғы кездері көлікте сағаттап отыратын болған. «Құлжа» тасжолына жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, толықтай жабылды. Бірақ тұрғындар: «Құрылыстың кептеліске еш қатысы жоқ, Алматыда күндіз-түні осы» - деп шағымданды.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Действительно өте қиын, балаларды мектепке апарамыз, алып келеміз. Таңертең пробкамен барамыз, кешке пробкамен келеміз. Білмейміз ол қалай шешіледі , кім шешеді? Осы сұрақты білмейміз.
- Балаларды таңертең сабақтары 8-де басталса олар 6 жарымда, 6 дан бір бес он кеткенде шығады. Саяхатқа дейін сабаққа бару үшін. Ол ремонт болмай тұрып та да осындай пробка болған. Алдында мына жерді қазған кезде сондай пробка болды до этого да сондай пробка болып тұратын.
- Түсіп қалып өзім жаяу жалғыз баратын кездер болады. 20 минутта баратын жерге 40 минутта 1 сағатта кейде солай болады.

Әрине, ұшы-қиыры жоқ кептеліс жолаушылардың сорына айналды. Ал көлік жүргізушілерінің зығырданы әбден қайнап біткен. Таяқ тастам жерге әзер жетеді. «Жолды тез арада кеңейтпесе, мәселе шешілмейді» - дейді.

ЕРНҰР КЕРІМБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім жақын жерде тұрам. Күнде саяхатқа барам мен мысалы садикке қызымды апарам сол кезде, пробка жоқ кезде например 10-15 минуттық жер. На самом деле 40 минуттай жүріп барам ғой мен.  Қарама-қарсы параллель жатқан Кульджинский трассаның негізі оның қатысы жоқ деп ойлаймын оған. Жол тар, жолды кеңейту керек.

ЖАНМҰҚАН СҮЙІМЖАНҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Таңертең кешке постоянно пробка болады. Кептеліс болады да. Адамдар түсіп түсіп кетіп қалады барлығы, ол күтпейді бізді. Уақытпен кешігеді. Біз бір пробкада 40 минут, жарты сағат минимум тұрамыз.

Биыл маусым айынан бастап Құлжа тасжолында қайта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, кептеліс бұған да қарап тұрған жоқ дейді жауаптылар. Мегаполисте халық көбейген сайын кідіріс те артады.

СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, «ҚАЗАВТОЖОЛ » ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Талғар болсын, Алматы қаласы болсын жылдан-жылға өсуде, тұрғын үйлердің түсуі, сәйкесінше бұл жолға түсетін қозғалыс интенсивтілігі артады. Сондықтан мынау пик уақыт мезгілінде таңертең кешкісін, яғни көліктер кептелісі болады. Себебі, адамдар азанда жұмысқа барады, кешкісін үйлеріне қайтады. Енді Талғар мен Алматы арасындағы республикалық жолдарды бүгінгі күні біз уақытылы күтіп ұстау жұмыстарын жүргіземіз.

Ал қала әкімдігі жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 14 қыркүйекте аяқталатынын хабарлады.