Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылады

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың ресми сайты іске қосылады. Тұрғындар толғандырған сауалдарын қойып, жауап ала алады. Жаңа платформаны бүгін "TALGYLAU" алаңында таныстырды. 

Жаңа сайт AES2024.KZ деп аталады. Ақпарат қазақ және орыс тілінде беріледі. Үш негізгі айдардан тұрады. Онда алдағы референдум жайлы барынша толық және объективті ақпарат беріліп, атом энергетикасының ерекшелігі туралы айтылады. Атом электр станцияларының саны және халықаралық құрылыс тәжірибесінен бастап қауіпсіздік стандарттары мен жаңа буын реакторларының ерекшеліктеріне дейін жазылмақ.

БАҚТИЯР МӘКЕН, ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ МЕДИА ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тиісті сұрақтар, арнайы эксперттердің ойлары. Жалпы біздің референдумға қанша уақыт қалды деген арнайы тайм сағаты белгіленетін болады. Енді референдумды халық шешеді ғой. Сондықтанда +бұл сайт өзінің әрі қарай интерактивті түрде де өзінің жұмысын жалғастырады. Себебі халықаралық деңгейдегі эксперттердің де ойлары керек. Жалпы одан әрі қарайда сұрақтар туындауы мүмкін. Сондықтанда менің ойымша бұл сайт өз жұмысын әрі қарай жалғастыруы керек.

Бас қосуда атом электр станциясының тиімді тұстары жан-жақты талқыланды. Экологиялық жағынан артықшылығы, энергияға тәуелділіктен арылту, бастысы қауіпсіздігі кеңінен сөз болды.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінгі таңда түрлі ақпараттарды көріп одан кейін жаңағы сараптай келе шындығындада мен өз басым былайша айтқанда қолдап отырмын. Бүгінгі таңда қарап отырсақ өзге елдерде, дамыған елдерде көптеген АЭС-тер салынған және олардың нәтижесін олар көріп отыр.

Сондай-ақ, жиында Мемлекет басшысының Жолдауында жүктеген тапсырмалар мен ұсыныстары талқыланды. Сарапшылар өзекті мәселелерді ортаға салып, шешілу жолдарын саралады.